Қаржы министрі: Шекарада біреулер елді дүрліктіріп жүр

90 просмотров

Кеше сенаторлар алдында есеп берген ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин шекарада елді дүрліктіріп жүрген топтардың бар екенін айтып қалды.

Комитет басшысының айтуынша, ондай топтар ақпараттық соғысты да жүргізуге үйреніп алған, деп xабарлайды BNews.kz.

«Бұған дейін ондай топтардың ұсталғаны жайлы естіген боларсыздар. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Шамамен, желтоқсан айында бәрін айтып береміз. Кім? Не? Қалай болды? Дәл қазір тергеу жүріп жатқандықтан ештеңе айта алмаймын. Олар шекарадағы жағдайды ушықтырып, елді дүрліктіріп отыр. Ақпараттық шабуыл жасауды да үйренді», — дейді Дәулет Ерғожин.

Айта кетейік, бүгінде Қытайдан тауар тасымалдап жүрген қазақстандық кәсіпкерлер рәсімдеу шараларын өз шекарасында емес, қырғыз жерінде жасап жүр. Себебі, ол жақта салықтың мөлшері аз дейді. Ал Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғаннан кейін ол тауарды Қазақстанға емін-еркін алып келуге болады.

Кәсіпкерлер Мемлекеттік кірістер комитетін салықты тым жоғары қояды деп кінәлап отыр. Жақында осы мәселе «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер одағында кеңінен қаралған болатын. Сенатта өткен бүгінгі кездесуде комитет басшысы бұл мәселе жөнінде нақты әрі жан-жақты жауап берді.

Загрузка...