Қарашада Астана клубының екінші отырысы өтеді

53 просмотров

Осы жылдың 14-16 қарашасында Астана клубының екінші отырысы өтеді. Іс-шараға әлемнің 20 елінен 50-ден астам жетекші сарапшы, саяси және қоғам қайраткерлері қатысады, деп хабарлайды Baq.kz.

1b74cfbb12c08f5cae0757f5d22fe251_resize_w_520_h_Сарапшылар Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Индия, Иран, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Корея Республикасы, Ресей, Сингапур, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Франция, Швейцария, Жапония елдерінен келеді деп күтілуде.

Отырыс аясында әлемдік саясат пен экономикаға ықпал ететін өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының халықаралық экономика және саясат институты сараптамалық баяндама әзірлейді. Онда Еуразияның басты ойыншыларының негізгі бағыттары мен даму тренді, ұстанымы мен мүдделері қамтылған.

Сонымен қатар, отырыс аясында Қазақстанның мемлекеттік билік органдары мен іскерлік топтарының өкілдерімен кездесулер өтеді.

Талқылау Chatham House форматында өтеді. Жұмыс ағылшын, орыс, қытай тілдерінде жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Астана клубы – халықаралық дискуссия алаңы. Оны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жетекші зерттеу институттары – Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы, Германия сыртқы саясат кеңесі, Ресей халықаралық істер кеңесі және Карнеги халықаралық бейбітшілік қорымен әріптестік ретінде құрған.

Астана клубының бірінші отырысы 2015 жылғы қарашада өтті. Онда Еуразия геоэкономикасының негізгі аспектілері, жаһандық және өңірлік ойыншылардың мүдделері, экономикалық сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері талқыланды.

 

Загрузка...