Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қаралы Тайландта қара киім жетіспей жатыр

Еске сала кетсек, 13-қазанда Тайланд королі Пхумипон Адульядет 89 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 70 жылдан астам тақта отырып, қазіргі заманғы ең ұзақ билікте отырған монарх ретінде тарихта қалды.

Елде 1 жыл аза тұту жарияланды. Тайланд Премьер-министрі Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күнде кез келген ойын-сауық шараларынан аулақ болуға шақырды. Басылымдардың хабарлауынша, жеке туристік аймақтар мен кей дүкендер жабылған. Енді бір дүкендер ішімдік сатуды тоқтатты. Аза тұту кезінде Тайланд туристері мейрамханалар, бар, сауда орталықтары секілді ойын-сауық түрлеріне қатысты түрлі шектеулерге кез болуы мүмкін.

Ал, ҚР Индустрия және даму министрлігі қазақстандық туристерден Тайландтағы қайғылы шараларға байланысты құрмет белгісі ретінде сыпайы киінуді және ел алдында көңіл көтермеуді өтінді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз