Алматыдағы терактіге басты күдіктінің сыбайласы ретінде ұсталған Вячеслав Мещеряков бүгін сотта Руслан Күлікбаевтың өзін қалай тонағанын айтып берді.
Прокурордың айтуынша, Күлікбаев қылмыстық топты Мещеряков спирттік ішімдіктер сатумен айналысады, сондықтан оны тонау күнәға жатпайды деп үгіттеген деп хабарлады ҚазАқпарат.
„2015 жылдың 23-қазанында Руслан Күлікбаев мені 13-ықшам ауданда №4 үйдің кіре берісінде күтіп тұрды. Ол травматикалық қарудан маған 5 рет оқ атты, сөйтіп сөмкемді алып кетті. Сөмкеде құны 110 мың теңге болатын iPad2 болатын. Жалпы, маған 150 мың теңгенің (40 мың теңге – сөмкенің құны) материалдық шығыны келді„ – деді кәсіпкер.
2016 жылдың 12-қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды. Руслан Күлікбаевқа 8 құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерін және 2 бейбіт тұрғынды өлтірді, террорлық акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.