Қарағанды облысында иті үшін кісі өлтірген азамат 14 жыл бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы облыстағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлады.
Белгілі болғандай, итін адамнан артық көрген азамат алдында өз әйеліне қол салып, сотты болып келген екен.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты анықтағандай, ол алдында өз әйелін өлтіргені үшін сотталып, 2006 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан екен. Ал енді ит үшін адам өлтіріп тағы 14 жылға сотталып отыр.
Судья оны қатаң режимдегі түзеу колониясына қамау туралы үкім шығарды.