Андрей Аршавин қазақстандық журналисттің шашын сыпырып, тақырламақшы (видео)

182 просмотров

„Қайрат„ футбол командасының жартылай қорғаушысымен бәстескен қазақстандық журналист оңбай жеңілді.

Енді намысқа тырысып, мықтылығын іспен дәлелдеген Андрей Аршавин өзінің интернеттегі блогы арқылы Қазақстан БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасап жатыр.

Еске сала кетелік, Қазақстан біріншілігі аясында „Ақтөбе„ футбол командасының қақпасына Аршавин соққан гол сегізінші болып табылады. Осылайша ол, біріншіден, „Қайрат„ командасына үш ұпай әперді, екіншіден, бұл голды соғу арқылы Аршавин жергілікті тілшіні бәсте ұтып кетті.

Тілші легионер ел біріншілігінде 8 гол соға алмаса, онда басын тақырлап тастауға дайын екенін мәлімдеген еді.

— Пётр, сәлеметсіз бе? Сіз маусым басталар кезде, мен 8 гол соқсам шашымды алып, басымды тақырлаймын дегенсің. Бүгін 8-гол соғылды. Бақытыңызға орай ма, әлде өкіншіңіз бе? Оны білмедім. Сондықтан белгілі бір уақыт пен орынды белгілеңіз, мен мұны өзім келіп жасауға дайынмын, — деп мәлімдеді футболшы YouTube-тегі блогында.

Еске сала кетелік, Аршавин „1+1„ амалында келісімшартқа отырған. Оның алдында ойнаған клубы „Кубань„ еді.

Загрузка...