Қанат Ислам мен Хуан де Анхель жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

59 просмотров

Қазақстандық боксшы Қанат  Ислам колумбиялық  Хуан де Анхельмен айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Осыдан кейін Қанат Фейсбуктегі жеке парақшасында өз ойымен бөлісті.

20160508115629

 

— Өздеріңіз көрдіңіздер, салмағым 69,8 келіні көрсетті, бәрі ойдағыдай өтті. Көңіл- күйім тамаша,- деп жазды ол. Ал оның қарсыласы колумбиялық Хуан де Анхельдің салмағы 69.3 келі болды.

Ал жерлесіміздің проумоутері Нельсон Лопес Қанат Исламның колумбиялық  Хуан де Анхельмен айқасы алдында: «Қазақстанда барша жұрт тек Головкин жайлы айтады, бірақ Қанат оның ізін басып келеді. Оның есімін де көпшілік жақсы біледі, елде мыңдаған табынушылары бар. Бізге алға жылжу үшін серпінді қадам керек және бұл жексенбіде іске асады. Ол супер жұлдызға айналады — бұл тек уақыт еншісінде», — деп мәлім етті.

Үмітін үкілеген қазақстандықтар Қанат Исламнан тек жеңіс күтеді.

Еске сала кетейік: Қанат Исламның АҚШ-та өтетін 21-ші жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде Астана уақытымен 9 мамыр күні таңғы сағат 07:00 де  көрсетеді.

 

 

 

Загрузка...