Қанат Ислам Бауыржан Момышұлы атындағы медалмен марапатталды

57 просмотров

Бүгін Алматы қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылғына орай «Тәуелсіздік тұрағым, Ұлы дала ұраным» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл туралы Аbai.kz хабарлайды.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстанның Ардагерлер ұйымы, «Сауап» қоғамдық қоры мен «Ұлт болмысы» журналы бірігіп өткізген шара барысында егемендіктің ширек ғасырында жеткен жетістіктерге шолу жасалып, Мемлекет басшысының сындарлы саясатын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлар талқыланды.

Аталған іс-шара барысында Қазақстанның Ардагерлер ұйымы мен «Нұр Отан» партиясы өкілдері кәсіпқой боксшы Қанат Исламды Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалімен марапаттады.

Алматы қаласында өткен жиынға боксшының өзі келіп қатыса алмады. Әлем жұртшылығының алдында ұлтымыздың намысын абыроймен қорғап жүрген боксшымыз дайындық жаттығуларына байланысты келе алмапты.

Загрузка...