Америка түрмесінде отырған Азамат Тәжаяқов елге оралғалы жатыр

27 просмотров

Америкада «лаңкестік» бабымен сотталған студент жерлесіміз жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа жіберіледі деп хабарлайды КТК арнасы.

29-05-15-kadyrbai_tajayak-1

Шетелде 3 жарым жылға сотталған студент осы айдың 19-ы күні түрмеден босап шығуы тиіс. Одан кейін уақытша ұстау абақтысында депортация туралы шешімді күтуі керек. Әзірге ол — Кентукки штатында.

Әкесі Әмір Исмағұловтың айтуынша, жерлесіміз абақтыда футболдан жаттықтырушы болып, әрі сотталғандарға математикадан сабақ беріпті. Тәжияқов туыстармен соңғы мәрте былтыр кездескен екен. Десе де үлгілі тәртібін ескерген түрме басшылығы оған күнделікті үйіне қоңырау шалуға рұқсат етіпті.

 

Азамат Тәжаяқов пен тағы бір жерлесіміз Диас Қадырбаевқа екі жыл бұрын «ағайынды лаңкестер — Царнаевтарға қол ұшын созды» деген айып тағылған. Бостондағы сол жарылыстан 4 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жараланған еді.

Загрузка...