Алты айдың ішінде 40 мыңнан астам лауазымды тұлға жазаланды – Бас Прокурор

28 просмотров

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 40 мыңнан астам лауазымды тұлға жазаланған. Бұл туралы бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов айтты. 

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

«Биылғы жылдың алғашқы алты айында Прокурорларға өз шағымдарымен жүгінген 14 мың азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Осы бұзушылықтар бойынша 40 мыңнан астам лауазымды тұлға жазаланды. Соның ішінде 209 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – дейді ол.

Қадағалау және құқық қорғау қызметінің жетістіктеріне тоқталған Бас Прокурор елеулі кемшіліктерді де атап көрсетті.Оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берді. Құқық қорғау органдарына халық сенімінің төмен болуының негізгі себептеріне тоқталды. Кадрлардың кәсіби деңгейінің төмендігі басты проблемаладрдың бірі ретінде айтылды. Қалыптасқан жағдай кадр саясатының қағидаларын түбегейлі қайта қарауды, персоналды іріктеудің алдыңғы қатарлы құралдарын енгізуді талап ететіне тоқталып өтті.

«Ұлт жоспары прокурорлардың кәсіби корпусын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «100 нақты қадамның» нәтижесінде мемлекеттік аппаратқа азаматтардың және елдің мүдделерін қорғауға қабілетті ең үздіктер ғана іріктелетін болады. Жергілікті жерлердегі прокурорлардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында олардың қызметтерін бағалаудың өлшемдерін түбегейлі өзгерту, жұмыстың ескірген әдістерінен бас тарту қажеттілігі аталып өтілді. Прокуратура қызметіне жобалық менеджмент қағидаларын енгізу қажет, оның басты артықшылығы нәтижеге бағытталған командалық жұмыста. «Жұмыс істегісі және өскісі келетін әрбір прокурордың тиімді болуы міндетті саналады. Ол қазіргі заманғы менеджменттің технологиясын игеруі тиіс», – дейді Бас Прокурор.

Загрузка...