Алматының тағы екі көшесіне автобусқа арналған жолақтар енгізеді

29 просмотров

Қалалық жолаушылар және автокөлік жолдары басқармасы Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріне арнайы автокөлік жолақтарын жүргізу жұмысының аяқталғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Бұл жолдардың бір бағытқа арналған ұзындығы 3,2 және 3,6 км құрайды.

Жол жүру жолақтары қала тұрғындарының игілігіне, діттеген жерлеріне еш кедергісіз жетуіне арналып, жолдардың ұзақтығын қысқартса, Желтоқсан мен Наурызбай және Райымбек пен Абай даңғылдарындағы жол қозғалысын жақсартады.

Айта кетсек, мұндай жолақтар алғаш 2015 жылы Абай даңғылы мен Шығыс айналма жолында сынақтан өткен болатын. Қазіргі таңда, ол жерлерде жол қозғалысы жақсарып, тиімділігін көрсетуде.

Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріндегі жолақтар, 10 тамыздан бастап пайдалануға беріледі.

Загрузка...