Алматының сауда желілеріндегі ет өнімдері дәріленген болып шықты

47 просмотров

Алматы қаласының сауда желісінде құрамында тыйым салынған ветеринарлық препараттардың қалдығы бар ет өнімдері анықталды. Бұл туралы ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті хабарлайды.

«Қауіпті ет өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер: шығыс қазақстандық жеке кәсіпкер Әділбек Е. өнімін «Ақжол» дүкеніне өткізген; оңтүстік қазақстандық жеке кәсіпкер Ғазибаев Н. етті «Реалист» супермаркетіне тасымалдаған; «Кром Экспо — А» ЖШС (Омарова С., Алматы қаласы) Канада етін «Ақжол» дүкеніне жеткізді. Қазір бұл адам денсаулығына зиян еттің бүкіл өнімдері сауда желісінен алынып, жойылды. Бүгінде өндіру және сақтау орындарында жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде», — делінген комитеттің алдын ала таратқан хабарламасында.

Тетрациклин — кең қолданыстағы антибиотиктер тобына кіретін дәрілік зат. Ол сондай-ақ мал шаруашылығында малдың түрлі ауруларын емдеу үшін жиі қолданылады.

Адамның құрамында тетрациклин қалдықтары бар өнімдерді тұтыну ішек микрофлорасына кері әсерін тигізіп, зең ауруларына шалдығу, аллергиялық реакцияның пайда болуы, ағзаның ауруларға қарсыласуын төмендетіп, патогендік микроорганизмдердің жоғарылау қаупін арттырады. Бұдан басқа,осындай дәріленген етті жеген адамның ағзасында антибиотиктердің әсеріне деген сезімталдық төмендейді.

Загрузка...