Алматының Медеу, Бостандық, Алатау аудандарында лай көшкіні тіркелді

30 просмотров
Бүгін Алматының Медеу және Бостандық аудандарында лай көшкіні орын алды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі хабарлайды.

«2016 жылдың 11 мамырында сағат 08:30 шамасында Алматының Медеу ауданындағы «Луч» бағбандық қоғамында топырақтың шамадан тыс ылғалдануына байланысты көлемі 12 текше метр болатын лай көшкіні орын алды. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен жолдар аршылды. Зардап шеккендер жоқ»,– деді Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, кейін, сағат 10:30 шамасында Бостандық ауданына қарасты Алатау шағын ауданында 2000 текше метр саз-балшықты лай көшкіні болған. Салдарынан 2 қабатты жеке тұрғын үйдің терезе жақтауына зақым келген. Адамдар дін-аман.
«Қазіргі таңда оқиға орнында ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау» мекемесінің 10 адамы мен 4 инженерлік техникасы жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, Алматыда жауған толассыз жаңбыр топырақтың шектен тыс ылғалдануына себепші болды», – дейді ТЖК өкілі. 


 


 

 

Загрузка...