Алматыда жол апатына ұшыраған мотоциклистің денесі екіге бөлініп қалды

35 просмотров

Алматыда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан бағанаға соғылып, денесі екіге бөлініп кетті. Оқыс оқиға өткен түнде Алматыдағы Рысқұлов пен Волочаевская көшелерінің қиылысында болды. Volkswagen Caddy көлігі Рысқұлов көшесімен батыс бағытқа қарай келе жатқан.

Мotor.kz келтірген мәліметке сүйенсек, „Бахар„ базарына қарама-қарсы бетте Волочаевская көшесіне келгенде жеңіл көлік айналып, бұрылмақ болады. Осы уақытта Рысқұлов көшесімен қатты жылдамдықпен екі мотоцикл келе жатқан.

Ол екеуі де көліктің багажына келіп, бар екпінімен соғылған. Соқтығыстан байкердің бірі 150 метр жерге ұшып кетіп, бағанаға соғылып, денесі екіге бөлініп кеткен.

Екі байкер де жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырған.

Загрузка...