Алматыда жоғалған келіншек табылды

876 просмотров

Алматы полицейлері кеше жоғалып кеткен 25 жастағы келіншек Алена Захарованы тапты.

Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ол әжесінің үйіне кетіп қалған. Келіншектің айтуынша, оның мұндай қадамға баруына отбасылық жағдай себеп болған», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда 25 жастағы Алена Захарова есімді келіншек жоғалып кеткені туралы хабарланған.

Оның жоғалғаны туралы туысқандары мен достары «Фейсбук» әлеуметтік желісінде жазды.

«Достар, 13-қыркүйектен бері 1991 жылы туған Алена Захарова Юрьевнаны таба алмай жатырмыз. Шашының түсі қара, бойы 163 см, 13 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Сәтбаев және Розыбақиев көшелері маңындағы банкте болған. Көк джинсы шалбар, қара кофта, қызыл жилет, қара кроссовка киген», — деп жазған болатын оның сыныптасы Айка Алексеева-Елібаева.

Загрузка...