Алматыда нөсер жаңбырдың соңы бұршаққа ұласты.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды,
Бірнеше минутта мұз түйіршіктері бүкіл жерді басып қалған. Құбылысқа таңданған жұрт оны таспаға түсіріп, ғаламторда жарыса жариялап жатыр. Бұршақтың көлемі аса ірі болмағандықтан зақымданған көліктер мен ғимараттар туралы ақпарат жоқ.