Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус жолағы пайда болды

45 просмотров

Бүгін Алматыдағы Райымбек даңғылының бойында автобусқа арналған арнайы жолақ салына бастады. Сол себепті, Райымбек даңғылымен жүретін көлік жүргізушілеріне абай болған жөн.

Қаланың қоғамдық көлік басқармасы хабарлағандай, Райымбек даңғылындағы автобус жолағы Саяхаттан бастап «Алтын-Орда» базарына дейін салынады. Райымбек көшесінен кейін автобус жолағы Төле би көшесіне салынбақ.

Айта кетсек, биыл жазда Алматыдағы 9 көшенің жиегіне автобус жолағы салынады:

  • Төле би көшесінде, Момышұлынан Қалдаяқов көшесіне дейін.
  • Райымбек даңғылында, Халиулин көшесінен бастап «Алтын Орда» базарына дейін.
  • Желтоқсан даңғылында, Райымбектен Сәтпаев көшесіне дейін.
  • Наурызбай батыр көшесінде, Райымбектен Сәтпаев көшесіне дейін.
  • Тимирязев көшесінде, Жандосов көшесінен Желтоксанға дейін.
  • Сейфуллин бойында, Алматы-1 вокзалынан Райымбек даңғылына дейін.
  • Абылай хан көшесінде, Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейін.
  • Сәтпаев көшесінде, Достық даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін.
  • Момышұлы көшесінде, Шаляпиннен бастап Ақын Сара көшесіне дейін.

d0f66962fb50beb40e4302249249e172

Загрузка...