Алматыдағы атыс: қаза тапқан азаматтармен қоштасу рәсімі басталды

179 просмотров

Алматыдағы қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан азаматтармен қоштасу рәсімі басталды. 

Қайтыс болғандарды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтіп жатыр.

«Алматы. Таңғы 9. Терракт құрбандарымен қоштасу басталды. Полиция да өз әріптестеріне тағзым етуге келіп жатыр. Халық баршылық», — деп жазады бұл ретте саясаткер Әміржан Қосанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, 18 шілдеде Алматыда атыс болды. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасаған. Осының салдарынан алты адам, оның ішінде төрт полиция қызметкері қаза тапты.  Қылмыскер құрықталды, ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Загрузка...