2017 жылы 7 қарашада алматылық трамвай 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Дегенмен Алматы әкімі Бауыржан Байбектің өткен жылы 31 қарашадағы нұсқауымен, қалада трамвай қозғалысы тоқтатылды. Оған трамвай себеп болған екі ірі жол апаттары мен рельстердің жарамсыз күйге түскені түрткі болды.
Осы оқиғалардан соң Алматы әкімі трамвай паркіне барып, оның жұмысына көңілі толмайтынын білдірді. Трамвайлардың жолдан шығып кетуі жиілеген: 2015 жылы осындай оқиға 43 мәрте тіркелген. Комиссия рельстердің жарамсыз күйге түскенін анықтады. Оларды жаңартып, қосымша вагондар алу үшін миллиардтаған теңге қажет болады.
2015 жылы 31 қазанда Алматыда трамвай қозғалысы кемшіліктер түзетілгенше “уақытша” тоқтатылды. Осы уақытқа дейін кемшіліктер түзелмеген, өйткені қаражат бөлінбеген. Биыл шілде айында қаладағы бірқатар трамвай желілерін бұзып ала бастады.
Қала билігі он жылдан бері жылдам рельсті трамвай құрылысын салуға уәде беріп келеді. Ол 2020 жылы іске қосылып, күніне 62 мың жолаушы тасиды деп хабарланған. Бірақ оған қатысты нақты жоспар әлі жоқ.