Алматыда газдың бағасы қымбаттады

21 просмотров

„ҚазТрансГаз Аймақ„ ұлттық газ операторының алматылық филиалы газ тарифінің өзгергенін хабарлайды.

Тасымалға кететін шығынды есепке алмағанда, баға төмендегідей:

— халық тұтынысы үшін — қосымша құн салығын қоспағанда 1 шаршы метрі 24,044 теңге;

— заңды тұлғалар үшін — қосымша құн салығын қоспағанда 1 шаршы метрі 28,625 теңге;

— жылу энергиясын өндіретін жылу энергетикалық компаниялары үшін — қосымша құн салығын қоспағанда 1000 шаршы метрі 20 537,24 теңге.

Тасымалға кететін шығынды қоса есептегенде газды таратушы желілер бойынша:

— халық тұтынысы үшін — қосымша құн салығын қоспағанда 1 шаршы метрі 27,567 теңге;

— заңды тұлғалар үшін — қосымша құн салығын қоспағанда 1 шаршы метрі 32,148 теңге;

— жылу энергиясын өндіретін жылу энергетикалық компаниялары үшін — қосымша құн салығын қоспағанда 1000 шаршы метрі 24 060, 67 теңге.

2015 жылдың шілдесінде бекітілген тарифке сәйкес, қосымша құн салығы мен тасымал шығынын қосқандағы газдың бір шаршы метрі күнделікті қолданыс үшін 27,2720 теңге  болатын.

Ал енді оған жаңа құнды қосқанда 30,875 теңге шығады. Бұл — қала тұрғындары үшін баға.

Загрузка...