Алматыда ереуілге шыққан 65 автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді

61 просмотров

Олар паркке кіріп, автобустарын от алдырып, шығатын есікті автобустарымен қалқалап, қашып кеткен.

Бұл туралы «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Күлішев айтты деп хабарлады Tengrinews.kz. Сондай-ақ, ол № 30, 32 және 121 бағыттағы жүргізушілердің жолға неге уақытында шықпағанын түсіндірді. Айтуынша, кеше ереуілге шыққан жүргізушілер іріткі салған.

«Әлі ешкімді жұмыстан қуған жоқпыз, тек жұмыстан шеттеттік. 65 жүргізуші шеттетілді. Біз қазір материалдарды Алматы прокуратурасына жолдадық, ішкі істер департаментіне де бердік, олардың әрекетіне құқықтық бағасын берсін. Осы бағалаудың қорытындысы бойынша ары қарайғы шаралар жүргізіледі, — деді сұхбаттасушы.

— Жүргізушілер бүгін саботаж ұйымдастырды. Олар паркке кіріп, автобустарын оталдырып, шығатын есікті автобустарымен жауып тастады, сөйтіп, автобустарын сөндіріп, кілттерін алып, қашып кетті, сондықтан автобустар бір сағат бойы шыға алмады. Бұл 6.00-де болды. Шамамен 7.00-де автобустар жұмысқа кешігіп шыға бастады. Қазір барлық автобустар жолға шықты. Біз қосымша жүргізушілерді шақырттық, — дейді ол.

Загрузка...