Алматыда баспана арзандай бастады

33 просмотров

Мамырдың соңына қарай Алматының кейбір аудандарында баспананың 1 шаршы метрі шамамен 100 мың теңгеге арзандады. Бұл туралы krisha.kz сайты хабарлайды.

Сайттың келтірген дерегіне сүйенсек, Алмалы ауданында баспананың 1 шаршы метрі 16 пайызға арзандады. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 456 мың теңге болса, мамырдың соңында 384 мың теңге болды. Ал Медеу ауданында пәтердің 1 шаршы метрдің құны шамамен 100 мың теңгеге арзандады.

«Орташа есеппен, бес ай ішінде үйдің 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеге, яғни 15,4 пайызға арзандады. Қаңтарда жоғарыда аталған аудандарда баспананың шаршы метрі 631 мың теңге болса, мамырда 533,5 мың теңге болды”, – деді мамандар.

Бостандық ауданында да баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 14 пайызға, яғни 67 мың теңгеге түсті.

Қаңтардағы 1 шаршы метрдің орташа құны 476 мың теңге болса, ол мамырда 409 мың теңгеге дейін түскен. Алатау, Түрксіб, Наурызбай және Жетісу аудандарында баспананың 1 шаршы метрі 12-13 пайызға (1 шаршы метрі 30-40 мың теңгеге түскен) төмендеген.

Тек Әуезов ауданындағы баспананың бағасы басқа аудандармен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоймаған.

“Бұл ауданда баспананың шаршы метрі 28 мың теңгеге арзандап, 325 мың теңгені құрады”, – дейді мамандар.

Загрузка...