Алматыда асқан байларға арналған ықшамаудан салынады

219 просмотров

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының жоғары жағында, шаңғымен секіретін трамплиннің жанынан Esentai City деп аталатын жаңа ықшамаудан салынатын болды.

Сәулетшілердің айтуынша, бұл ықшамаудан тұрғын үйлер кешені ғана емес, қаланың толыққанды бір ауданы болмақ, оның аумағы 46 гектарды құрайды.

Esentai City ықшамауданы 1500 пәтерлі үш қабатты үйлерден тұратын болады.

Өзінің саябағы мен кеңселер аймағы, 5 мың орындық автотұрағы, велосипед пен жаяу жүгірушілер жолағы, қоқыс жинаудың инновациялық жүйесі болады.

Бұл ықшамауданға күн сәулесінен қуат алатын шамдар жарық беріп тұрады.

318 пәтердің алғашқы кезегі 2017 жылдың қазан айында аяқталады.

Ақшасын бірден төлейтін байлар үшін бұл жердегі пәтерлердің әр шаршы метрі 600 мың теңгеден сатылады, ал 1 жылға созып төлейтіндер үшін 650 мың теңгеден сатылады.

esentai-city-1

esentai-city-3

Загрузка...