Алматы облысына қарасты Үшарал ауылында екі жасар бала сірке қышқылын ішіп қойып, ауруханада көз жұмды.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазды.
Алматы облысының Алакөл ауданы ауруханасына 29 шілде күні сірке қышқылын ішіп қойған бала ауыр жағдайға келіп түскен. Дәрігер қанша жанталасқанымен балақайды аман алып қала алмады.
«Бала ауруханаға келген кезде жағдайы тым ауыр еді. Біз оны аман алып қалу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Ересектердің қарауынсыз қалған бала бір бөтелке сірке қышқылын алып, ішіп қойған»,- дейді Алакөл ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Сағатбекова.