Алматы-І теміржол вокзалында жарылғыш заттың табылғаны расталмады

2 246 просмотров

Алматы-І теміржол вокзалында жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат расталмады. 

Бұдан бұрын тараған ақпаратқа сәйкес, Алматы 1 теміржол вокзалының күту залында жарылғыш заттың қойылғаны туралы мәлімет жарияланған еді. Аталмыш вокзалдағы полицияның кезекші бөліміндегі қызметкерлердің айтуынша, сағат түскі 11-ден 12-ге қараған шақта вокзалда кезекшілік атқарып жүрген полиция қызметкерлері кассалар залынан күту залына кіреберістегі орындық маңынан күдікті қорапты тапқан.

927a61c06d0e71f88d0420cd879888a9Жолаушылардың ешқайсысы қораптың кімге тиесілі екендігін айта алмаған соң, полиция қызметкерлері тиісті органдарға хабарлап, дабыл көтерген. Оқиға орнына жедел жеткен саперлер қораптың ішінен жеміс-жидек өнімдерін тапқан.  Төтенше жағдайға байланысты 700-ге жуық жолаушылар мен вокзал қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға орнына жедел жеткен саперлер қораптың ішінен жеміс-жидек өнімдерін тапқан. 

Қазіргі таңда дабыл белгісі тоқтатылып, вокзал штаттық тәртіпте жұмыс істеуге көшкен.

 

 

 

 

 

 

 

Загрузка...