Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

„Алматы ақшамы„ мен „Вечерний Алматы„ газеттері жекешелендіріледі

422

Қалалық қаржы басқармасының мәліметінше, саудаға шығарылған кәсіпорындардың көпшілігінің шығыны көп.

Тізімде «Алматыметроқұрылыс», «Алматы тазалық», қалалық шаруашылық басқармасы және «Алматыжарнама» сияқты коммуналдық мекемелер де бар. «Алматы ақшамы» мен «Вечерний Алматы» газеттері де жекешелендірілетін кәсіпорындар санатында.

Жалпы, Алматы қаласы бойынша 26 мекеме жекешелендіріледі. Жиырмасы биылғы аукционда бақ сынайды. Қалған 6 мекеме үш-үштен 2017-2018 жылдары саудаға шығарылады.

– Биылғы жекешелендірудің талабы жеңілдетілді. Сатып алушыға тек аталған кәсіпорынды сақтау туралы міндет қойылады. Былтырғы міндет пен талаптар саны көп болатын.

Аукцион үш бөлімнен тұрады. Бірінші, кәсіпорынның алғашқы сомасы ұсынылады. Болмаса, бағасы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Үшінші бөлімде арнайы бағалау комиссиясы мекеменің құнын қайта қарайды, – деді Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Мейірзат Қалиев.

Өткен жылы экономикалық дағдарыс кезінде үкімет шығыны көп кәсіпорындардан арылуды жөн көрген. Оның қатарында 35 БАҚ та бар. Атап айтқанда, 27 қалалық, аудандық және облыстық газеттер, «Жезқазған», «Рудный», «Жетісу», «Шахтинск» сынды жергілікті шағын телекомпаниялар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз