Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қайрат Нұртастың анасы Жер кодексіне қатысты мәселеде президентті өзімен салыстырды

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың басынан өткен даулы оқиғаны қазіргі жағдаймен салыстырды.

“Неше күннен бері парақшама жер мәселесіне қатысты неге үнсіз отырсыз„ деп айыптап жазып жатқандар көп. Еліміздегі жағдай мен балаларымыздың болашағы үшін барлығымыз да алаңдаулымыз. Жер мәселесіне қатысты президент нақты айтты ғой “жер сатылмайды” деп. Сонда да интернетте неше-түрлі ақпарат тарап жатыр. Мен Қайратты осындай деңгейге жеткізгенше қанша қиындықтан өттім. “Праймдағы” оқиғаға да өздеріңіз куәсіздер. Өз пайдаларын көксеген қаншама алаяқтың кесірінен жапа шегіп, кінәлі емес екенімізді дәлелдеуге қанша тырыссақ та, түсінгісі келмей айыптағандар да, байыбына барып демеу болғандар да болды! Бірақ, бір адам айыптап бір нәрсе жаза қалса, айта қалса көпшілік соны шын көріп, жаппай айыптай түсіп жүрегіміздің қан жылағаны бар!  Бүгін біздің биліктің де жағдайы дәл солай болып тұр меніңше”, – деп продюсер екі жағдайды салыстырды.

Ары қарай

“Менің өз балам, өз жобам Кайратқа мен сияқты ешкімнің жаны ашымайтынын білем. Өз еркіммен балама зияны тиетін қадамға ешқашан бармас едім. Тура сол сияқты біздің еліміздің амандығы мен тәуелсіздігіміз үшін,

жеріміз үшін президентіміздің жүрегі сізбен бізге қарағанда қаттырақ ауырады,

бәрімізден де жанашыр дегенге өз мысалыма қарап, нақ сенімдімін”,

– деп екі жағдайды салыстыруының себебін түсіндірді.

Мұнымен қатар, дәл осындай оқиғаның Ливия, Сирия, Украина елдерінде  болып, халықтың сырттағы дұшпандардың қолшоқпарына айналғанын айтып, жабайы көтерілістен сақтануға шақырды.

“Бүгін сол елдер баяғы күндерін тек көз жасымен еске алып жүр. Дұшпанның не ойластырғанын кім білсін. Мүмкін, әр аймақта бейбіт шеруге халықты үндеп шығарып, әзірге бейбіт таратып жатыр. Мүмкін соңғы көзірін Алматы мен Астанаға дайындап отырған шығар?!  Әр облыста өткен шерулерден кейін халықтың көзін әбден үйретіп, “е, шеруге шығамыз да наразылық көрсетіп қайтамыз басқа облыстар сияқты” деп ойлап, Алматыдағы шеруге көп адам жиналсын, сосын сатқындарды жіберіп халыққа от атқызып, билік атты деп, жұртты билікке айдап саламыз. Осылайша, қазақтар өз қолдарымен өздерін бізге шауып береді деп сыртымыздан мысқылдап отырғандай көрінеді маған. Сол үшін, мен ана ретінде “Қайғысыз қара суға семіреді” демекші, ең бастысы, бейбітшілік болсыншы”,

– деп мемлекеттік керісінше әр істе жастарға қолдау көрсетіп, жағдайын жасап отырғанын айтты.

Продюсердің бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі кеш оянғанын айтса, енді бірі сөзін қоштай түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз