Қайрат Нұртаспен ән айтқан Нюшаның сіңлісі Олимпиада чемпионы атанды

200 просмотров

Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында синхронды жүзуден Ресей қыздары чемпион атанды. 

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Ресей құрамасы осымен оныншы мәрте Олимпиада ойындарында синхронды жүзуден алтынды ешкімге берер емес. Команда құрамында қазақстандық әнсүйер қауымға жақсы таныс, Қайрат Нұртаспен бірге ән айтып жүрген Нюшаның туған сіңілісі Мария Шурочкина да бар.

Мария Шурочкина алғаш рет Олимпиада чемпионы атанып отыр. Ол бұған дейін алты дүркін әлем чемпионы атанған. Үш мәрте Еуропа чемпионатында топ жарған.

Мария әпкесі Нюшадан (шын есімі Анна) бес жасқа кіші. Әкесі Владимир Шурочикин «Ласковый май» тобының бұрынғы солисі. Қазіргі кезде проюсер және композиторлықпен айналысады. Анасы гимнастикадан спорт шебері. Шурочкиндердің отбасы толығымен қыздарымен қолдау үшін Риоға келген.

Айта кетейік, Нюша қазақстандық танымал жұлдыз Қайрат Нұртастың Астана және Алматыдағы концертінде өнер көрсеткен. Қайратпен бірге «Алматының түндері-ай» қазақша орындаған.

g_88d7e3113e70394591507c3128b0dc74_2_1400x1100

Загрузка...