Қайрат Нұртас өзі жайлы кино түсіруде

127 просмотров

Қайрат Нұртасты өнердегі әріптестері әрқашан да «еңбекқор» деген сөзбен сипаттайды. Шынымен де, тек еңбекқор адам ғана Қайрат жеткен белеске жете алады. Алайда, әнші бұнымен тоқтамай, өзінің кезекті киносын түсуруге қызу кірісіп кетті.

Бұл туралы comode.kz хабарлайды.

Бұл Қайраттың кино әлеміне алғаш араласуы емес. Әнші 2013 жылы “Өкініш” атты өмірбаяндық туындыны көрермендерге ұсынған болатын. Бұл фильмде әншінің әке-шешесі мен бауырларынан басқа, Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты тұлғалар ойнаған болатын.

Бірінші кино көрерменнің көңілінен шыққаннан кейін, әнші екінші кино түсіруді жөн көрді. Әзірше киноның сюжеті құпия. Алайда, ол кинода Қайраттың өзі, әйелі және төрт баласы да ойнайтыны белгілі.

Ұзын құлақтардың айтуы бойынша, сюжет бойынша Қайрат дәл өмірдегі қалпындағыдай жұлдыз болып, ауылға ән сайысын сынауға барады. Барлық қызық сол аулда басталатыны көрінеді.

Киноны түсіру Ақан Сатаевқа ұсынылды. Алайда, атақты режисер әзірше нақты келісімін берген жоқ.

Загрузка...