Заңгер ел ішінен жау іздеудің басталғанына алаңдаушылық білдірді

211 просмотров

Заңгер Жохар Өтебеков Facebook-те Ішкі Істер Министрлігінің басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың БАҚ пен желі арқылы тараған жалған ақпаратқа қатысты реніш білдірген сөзіне пікір білдірді.

460IMG_7085(2)
адвокат Жохар Өтебеков

„Ішкі істер министрі Алматыдағы лаңкестік әрекетке қатысты қауесетке қатысты реніш білдірді. Осыны айтқан Қасымов, „кінәлі„ блогерлер мен журналистерге адвокат іздеуге кеңес беріпті.

— Қарамағындағы қызметкерлер қазаға ұшырап жатқан кезде мысқылдап сөйлеу орынсыз әрі жағымсыз дүние„

— дейді адвокат.

Бұдан бөлек, заңгерді ел ішінен жау іздеудің басталғаны алаңдатады екен.

Сарапшы Қазақстанның БҰҰ-ға елімізде адам құқықтарын сақтау туралы баяндаманы тиісті деңгейде дайындай алмағанын еске салады. БҰҰ Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуына алаңдаушылық білдірген. Бұл азаматтардың өз пікірін еркін білдіруге қысым көрсетуге қатысты болып отыр.

„Ішкі Істер министрлігі мен Алматы қаласының ішкі істер департаменті орын алған оқиға туралы бірнеше сағат бойы үнсіздік сақтады. Артынан түсініксіз, әрі келте ақпарат беріп құтылды. Мұндай жағдайда түрлі сыбыстардың пайда болуы заңды және оған кешіріммен қарауға болады„,

— дейді Өтебеков.

Осы орайда, адвокат келесідей пікір білдіріпті:

-„блогерлер мен журналистердің барлығының ойы мен ниеті түзу деп айта алмаймын„.

„Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі қауесеттер туралы бапты демократияға жат және елімізді масқаралайтын дүние ретінде алып тастау қажет!

— деген пікірде заңгер.

Ал ішкі істер органдарына көпшілікке ақпарат таратуда өзінің кәсіби біліктілігі туралы тиісті қорытынды жасаған жөн.

Полицияға үрейленген бейбіт елмен емес, өзінің біліксіздігімен күресуі керек!„

Загрузка...