Абаев: Теракт ақпарат таратудағы үлкен проблемаларды ашып берді

37 просмотров

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев сарапшылардың Алматыдағы теракт кезінде  «ақпараттық күйреу болды» деген мініне қатысты өз пікірін білдірді.

Бұл туралы Today.kz хабарлайды. Абаев өзінің Facebook парақшасында бірнеше мәселені түсіндіретін пост жазды.

Абаев ақпараттық әрекет ету жағынан үлкен қиындықтар болмағанын айтады. Оның ойынша, қазір бұл жайттын дұрыс қорытынды шығарып, қажетті шаралар қолдану маңызды. Тұрғындар Алматыдағы жағдай туралы бір жарым сағатта құлағдандырылды, деп түсіндірді министр.

«12:28-де ІІД баспасөз қызметі антитеррористік операция жүріп жатқаны туралы және сақтық шараларын ұстану туралы хабарлады. 15 минуттан кейін қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Қажетті ақпарат жиналған соң бірден баспасөз баяны таратылды. Жалған ақпараттың таралуы жұмысты қиындатты, өйткені оны тексеруге адам және уақыт қажет болды. Мұндай әрекет үшін жауапкершілік отандық құқықнормаларымен қарастырылған және мен мұндай жағдайда заңды әрекет ұстанбауға себеп көріп тұрған жоқпын», — деп жазған Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, Алматыдағы жағдай туралы ол 11:00 шамасында білген. Халыққа телеарналардағы алдын алу жұмыстары жүріп жатқандығы мен интернет-сайттардың қолжетімділігі туралы уақтылы ескертілген.

«Оның үстіне, телеарналарда эфирді іске қосу бойынша жедел техникалық шаралар қолданылды. «24KZ» мемелкеттік арнасында әр жарты сағат сайын Алматыдағы жағдай туралы арнайы жаңалықтар топтамасы беріліп тұрды. КТК және «31 арна»да осылай жұмыс атқарып тұрды. Ал жедел ақпараттандыруды жетілдіру мәселесіне келсек, қазір біз ҚР ІІМ-мен бірге ақпарат тұрығндарға жеделдеу жеткізілетін әрекет алгоритімін құрып жатырмыз. Соңында айтарым бізге ведомство жұмысы бойынша құрылымды ұсыныстар керек және біз сіздердің қолдауыңыз бен қатыстылығыңызды қажет етеміз», — деллінген қазақстандықтарға қаратыла жазылған хабарламада.

18 шілдеде Алматыда теракт болды. Оның салдарынан бес адам көз жұмды: Аян Ғалиев, Мақсат Сәлімбаев, Бауыржан Нұрмаханбетов, бұрынғы полицей Ғани Нұриманов және шегарашы Азамат Әзімханов. 19 шілде күні ауруханада тағы бір полицей – Тимур Бегасылов көз жұмды.

Тергеу нұсқасы бойынша, 26 жасар Руслан Күлекбаев Алмалы ауданы ІІБ мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасаған.

 

Загрузка...