Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтауда зорланған 6 жасар қызды ата-анасы Үндістан мамандарына емдетпек

«Кішкентай қыздың жағдайы өте ауыр. Әлі аппаратпен жатыр, оң өзгерістер жоқ. О баста айтылғандай, ми бағанына жасап жатқан ем еш әсер етпеуде. Енді ата-анасы Үндістаннан бір мамандарды әкелсек дейді. Бірақ, олардың ұсынып отырған емдеу әдісі медицинада мойындалмаған, тиісінше Қазақстанда тіркелмеген. Қазір осы мәселе туралы министрлікпен ақылдасу шарасы жүріп жатыр, – деді Д.Меңлібеков.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапты. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар. Дәрігерлер зорлау фактісін растады, ҚР ҚК 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді.  6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу мәліметінше, оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растап отыр.

Бүлдіршін қыз Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының балалар анестезиологиясы және жан сақтау бөлімінде жатыр. Невролог, балалар гинекологы, пульмонолог, окулист, нефролог, эндокринолог, хирург сияқты бейінді мамандардың қатысуымен бірнеше мәрте консультация ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, телемедицина арқылы Кембридж университеті (Ұлыбритания) және Вена университетінің (Австрия) профессорларымен кеңес өткізілген.

20161006112055

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз