Ақтөбедегі лаңкестіктен жараланған адамдарға 9 млн теңге бөлінді

27 просмотров

Ақтөбедегі лаңкестік оқиға кезінде жараланғандарға 9 миллион теңге берілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен қаржы 18 отбасыға үлестірілді.

Олар 400 мың мен 1 миллион теңге аралығында өтемақы алды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен 5 маусым күні өңірде болған лаңкестік оқиға кезінде жараланған адамдарға өтемақы берілді. Барлығы 18 отбасыға 9 миллион теңге бөлінді. 11 отбасы 400 мың теңгеден, біреуі 700 мың, тағы біреуі 1 миллион теңгеге ие болды»
— деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен облыс әкімдігі террористік акт кезінде қаза болған бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлер отбасына 5 миллион теңгеден бөлініп, көмек көрсетілген еді. Ал Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақтөбеге жұмыс сапары кезінде лаңкестік оқиға кезінде қаза болған отбасыларға көңіл айтып, тағы 1 миллион теңгеден материалдық көмек берілді. Кәсіпкерлер де демеушілік көрсетті.

Атақты меценат Исламбек Салжанов әр отбасыға 1 миллион теңгеден берді.

«Ақтөбедегі лаңкестік оқиға кезінде зардап шеккен әр отбасыға материалдық көмек берілді. Әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайы қаралып, жерлеу рәсімін әкімдік ұйымдастырды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен әр отбасыға 5 миллион теңге бөлінді»,- деді қала әкімінің орынбасары Мадияр Қабыл.

Загрузка...