Ақтөбедегі лаңкестік шабуыл кезінде қаза болғандардың есімдері мәлім болды

82 просмотров

Желіде 2016 жылғы 5-маусымда Ақтөбедегі лаңкестік шабуыл салдарынан қаза болғандардың тізімі пайда болды.

Барлығы 7 адам қаза болған, олардың төртеуі азаматтық тұлғалар болса, үшеуі әскери қызметшілер.

Максименко Андрей Владимирович, 1972 жылы туылған. «Паллада» дүкенінде кеңесші-сатушы болған, қызмет орнында қаза болды.

Онищенко Николай Александрович, 1947 жылы туылған. «Паллада» дүкенінің жанынан өтіп бара жатқанда лаңкестердің оғына ұшқан.

Тәжібаев Мейірхан Бисембаұлы, 1983 жылы туылған. «Кузет» фирмасының күзетшісі, «Паллада» дүкенінің маңында оққа ұшқан.

Матросов Михаил Витальевич, 1981 жылы туылған. «Пантера» дүкенінің тұтынушысы, сол күні балық аулауға қажетті құралдар алып жатыпты.

Сапар Досбол Еркінбекұлы, 1997 жылы туылған. Лаңкестер шабуылдаған 6655 әскери бөлімшесінің әскери қызметшісі.

Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, 1975 жылы туылған, 665 әскери бөлімшесінің офицері.

Қалиев Берік Ерланұлы, 1978 жылы туылған. 665 әскери бөлімшесінің контрактпен қызмет атқарған әскери қызметшісі.

Kaz.365info.kz редакциясы лаңкестердің қолынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтады.

Естеріңізге салсақ, 5-маусымда содырлар тобы алдымен Ақтөбедегі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады, ал одан кейін Ұлттық ұланның әскери бөлімшесін басып алмақшы болды. Алғашқы болып лаңкестердің қолынан Андрей Максименко қаза болды. Бұрынырақ 17 адам қаза болды және 22 адам жарақат алды деп хабарлаған болатынбыз. Артынан ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәліметтерді нақтылап, 38 адамның жарақат алғанын, олардың ішінде, 9 адамның ауыр жағдайда жатқанын хабарлады. 7-маусымда таңертең ІшкіІсМин 13 содырдың көзі жойылғаны, 4-нің жарақат алғаны, тағы 7-не іздеу жарияланғаны туралы хабарлады.

Загрузка...