Ақтөбеде уаһабтар дала жануарларын өлтіріп машықтарын жетілдірген

378 просмотров

Ақтөбедегі радикалды ағымдардың өкілдері дала жануарларын өлтіріп машықтарын жетілдірген екен. 

Бұл туралы жергілікті Ақтөбе таймс газетіне аңшылар мен орманшылар айтып берді деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

«Бұдан екі жыл бұрын браконьерлерге ұқсайтын әлдекімдермен атыстық. Бұл оқиға Темір ауданы, Саркөл ауылына жақын жерде болды. Түн мезгілінде олар қоян немесе борсықтарды өлтіріп жаттығады. Оларды ұстағымыз келгенде қатты қарсылық танытты. Ал таңертең көлігімнің капотынан оқ-дәрі таптым. Әлгілер: «келесі жолы бұл оқ дәрі сенің кеудеңді теседі» деп жазып кетіпті, — деп хабарлады бұрынғы орманшы.

Орманшының айтуына қарағанда, олардың браконьерлер емесін бірден аңғаруға болады. Себебі олар аңшылыққа өз жанұяларын асырау үшін  шықпайды.

«Олар «Пикап» немесе «Газель» сияқты көліктер мінеді. Көбінесе мұнай ұрлап, өмір сүреді. Өте ұйымшыл әрі сауатты. Және ұсталған кездерінде қайтіп, не істеу қажеттігін жақсы біледі, тіпті заңнан үзінді келтіреді», — дейді орманшы.

54d1c1e78dad11404525d05f731ab532

«Қарғалы ауданында орманшылар атыс шыққан жаққа бірнеше рет барып көріп, нысандарға оқ атып жатқандарын да көрдік. Осындай қауіпті жерлердің бірі — Бесқопа ауылы. Орманшылардың басым бөлігі бұл жерден аулақ жүруге тырысады», — дейді ол.

Оның айтуынша, орманшылар уаһабтардың жасырын жаттығуды қайда арада жүргенін көрсетуге әзір, бірақ олар өз өмірлері үшін қорқып отыр екен.

«Полиция нақты кепіл болса, олардың жаттығатын жеріне апарып көрсетер едік, құқық қорғаушылар мен ҰҚК қызметкерлері келсе, бәрін айтып берер едік. Көбінесе, бұл жерге полицияға шақырсақ 2-3 сағатта әзер жетеді», — дейді ер адам.

Өз кезегінде аңшы Александр Мандрыкиннің пікірі мынадай: «Осыдан 7 жыл бұрын Хромтау ауданының маңынан аққуларға мылтық кезеніп, жаппай қырып жатқан  адамдар тобын көргенмін. Дәл сондай жағдай Родниковка ауылының жанында болды. Жүк көлігінің ішінен тоғыз адам сау етіп түсіп, сапқа тұра қалды. Ол жақта жаттығулар өтіп жатты. Мен ресми жаттығулар ма деп ойлап қалдым. Бірақ, келесі күні осы туралы сұрастырғанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істейтін таныстарым бұл ауылдың маңында ешбір жаттығу өтпегенін айтты».

Загрузка...