АҚШ: Ақ үй орыс хакерлерінің әрекетіне алаңдайды

73 просмотров

Америкалық барлау қызметіне ресейлік кибероперацияның америкалық саяси ұйымдарға қарсы шабуылының салдары қаншалықты болатынын білу тапсырылған.

NBC телекомпаниясының хабарлауынша, Ақ үй арнайы барлау қызметіне ресейлік компьютер жүйесі хакерлерінің америкалық саяси ұйымдарға қарсы шабуылының салдарын зерттеуге тапсырма берген.

Тергеу ісін «қырғи қабақ соғыс» кезінде құрылған АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі жүргізіп жатыр. Америкалық саяси институттарға қарсы кибероперация жасайтын мемлекеттердің ішінде Ресей, Қытай, Иран және Солтүстік Корея елдері күдікке ілініп отыр.

Соңғы айларда Демократиялық партияның сайлау штабының, Хиллари Клинтонның үкіметтік емес зерттеу орталықтары мен америкалық репортерлердің компьютерлеріне шетелдік хакерлердің шабуыл жасалғандығы туралы ақпарат тарады.

Ресми емес ақпаратқа сәйкес, америкалық арнайы қызмет көбінде бұл шабуылдардың артында Ресей арнайы қызметінің тапсырмасымен орындайтын ресейлік хакерлер тұр деп есептейді.

Загрузка...