Ақмола облысында 10-желтоқсанда сағат 12.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қар жауып, боран ұйытқып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты көліктің барлық түрі үшін “Жақсы-Есіл-Бұзылық” (0-82), “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” (232-260), “Жезқазған-Петропавл” (377-595) жолдары жабылды.