2019 жылға қарай балабақша кезегі жойылады

38 просмотров

2019 жылға қарай балабақшаға кезек жойылады. Бұл туралы Астанада Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, мемлекет халықты мемлекеттік қызметтермен толықтай қамтамасыз еткенде сыбайлас жемқорлықпен ең тиімді күрестің нәтижесі байқалады. Сонымен қатар реттеу шараларында мемлекеттің рөлі төмендеп, нарықтық тетік күшейеді және шешімдердің транспаранттілігі қамтамасыз етіледі.

«Сондықтан да мектепке дейінгі білім берумен 2019 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайызға қамту жоспарланып отыр. Осы ретте балабақшаларға кезек жойылады»

— деді министр.

Загрузка...