2017 жылғы Универсиада алауы Астанада Елбасының қатысуымен жағылады

12 просмотров

Петропавлдағы аймақтық Орталық коммуникациялар қызметінде Универсиада-2017-ні өткізуге дайындық барысына арналған брифинг өтті.

28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директорының орынбасары Қайрат Биекенов Универсиадаға 55 елден өтінім келіп түскенін және бұл рекорд болып табылатынын мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— 2011 жылы Түркияға 52 елден қатысушылар келіп, рекорд орнатқан еді. Біздегі Универсиадаға қатысу үшін 2 мыңға жуық спортшы өтініш берді. Оған 3 мың ерік танытқан адам тартылды. Ойындар кезінде Алматыға 30 мыңға жуық шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде. Әлемнің 80 еліне трансляция жүргізіледі. Біз күткен телеаудитория — 1 млрд адам, — деді Қайрат Биекенов.

Универсиадаға арналған акциялар Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Олардың ең бастысы — Алау эстафетасы.

Қайрат Биекеновтың хабарлауынша, алауды тұтату рәсімі 25 қаңтар күні Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Президентінің қатысуымен өтеді. Алау эстафетасы 26 қаңтар күні Петропавл қаласынан бастау алып, 29 қаңтарда Алматыдағы ойындардың ашылу салтанатында аяқталады.

Алауды алып жүрушілердің нақты тізімі 16 желтоқсан күні жарияланады.

Загрузка...