20 жастағы орыс қызы пәктігін сату үшін аукционға шығарды

6 931 просмотров

Ұлыбританияда 20 жастағы Ресей азаматшасы пәктігін аукционға қойды. Оның пәктігінің бастапқы құны 130 500 фунт стерлинг, деп жазады L!FE.

Ариана деген жасырын атпен хабарландыру берген қыздың өзі мойындағандай, оның бұл әрекетінен әке-шешесі хабарсыз. Ол оқуына ақша қажет болғандықтан осындай қадамға барыпты.

Ақша табудың түрлі жолдары көп, бірақ мен осындай қарапайым және жылдам түрін таңдадым. Ресейден басқа елге көшіп кетіп, медицинаны оқып, дәрігерлікпен айналысқым келеді”, дейді өзі.

Айтпақшы, Ариананың Лолита есімді құрбысы да өзінің пәктігін саудаға салып қойыпты, ол да бастапқы құн ретінде 130 500 фунт стерлинг сұрап отыр екен.

Бұл қыздар өздерін «тәуелсіз әйелдерміз» дейді, ал пәктігімізді сату – өз қалауымызбен жасалған іс, дейді.

pogudx4qc8rieo03o-323d15f7

pogudx5gpl9ft2f9n-34318ce7

Загрузка...