1-маусымда Қарағандыда балалар темір жолы іске қосылады

35 просмотров

1-маусым — Балаларды қорғау күні Қарағандыдағы орталық саябақта балалар теміржолы іске қосылады. Бұл туралы ekaraganda.kz порталы хабарлады.

Балалар темір жолы өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған. Ал 2013 жылы облыс орталығындағы Кривогуз және Ғазалиев көшелерін жалғайтын жолдың салынуына байланысты бұл нысанның жұмысы уақытша тоқтатылған.

— Балалар темір жолына біз жыл сайын миллиондап қаражат саламыз. Жалпы, бұл жерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жыл сайын 6 млн теңге бөлу жеткіліксіз, 80-90 миллион теңге керек, – дейді Қарағанды саябақтар және гүлзарлар басқармасының директоры Браунагель.

Загрузка...