Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Зульфия Ғабидуллина әлемдік рекордты тағы жаңартты (видео)

Жүзуден Қазақстан құрамасының сапында Наталья Звягинцева, Әнуар Ахметов, Дмитрий Ли, Ержан Сәлімгереев, Шахан Жолдасбаев, Бауыржан Қабақов, Сиязбек Дәлиев, Кирилл Ильюкевич және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетуде.

Чемпионат барысында Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадалық ойындардың жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина ерекше көзге түсті. Ол финалда еркін стильде 200 метр қашықтыққа жүзу кезінде жаңа әлемдік рекорд орнатты: көрсеткіші – 03:26,65 секунд.

Сонымен қатар, ол еркін стильде 100 метр қашықтыққа жүзу бойынша ең үздік көрсеткіш көрсетіп, 50 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде ІІ-орынға ие болды.

Айта кетейік, паралимпиадалық чемпион Зүлфия Ғабидуллина – жүзуден Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, 12 мәрте әлем рекордын орнатқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз