Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Зорлық фактісі расталды”. Сарыағаштағы баланың мүддесін қорғаушылар алғаш рет ашық сұқбат берді

15-16-наурызда Білім және ғылым министрі БАҚ-қа берген сұхбатында, егер баланың зорланғаны расталған жағдайда, кінәлілердің, соның ішінде, білім беру құрылымындағы барлық мүдделі адамдардың жауапқа тартылатынына уәде берген болатын. Ал, кеше баланың зорлық көргені расталды, деген ресми ақпарат жарияланды, енді халық министрдің уәдесінің орындалуын күтуде.

https://kaz.365info.kz/bekbolat-dyrys-ajtypty-7-balanyn-zhabir-koruine-kim-kinali-307213

7 жастағы баланың зорлауына байланысты жүргізілген тергеу де аяқталды.

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен жасалған көптеген сараптама қорытындысы зорлық фактісін растады. Алайда, жергілікті дәрігерлер бірнеше ай бойы балаға ешкімнің тиіспегенін айтып келген болатын.

Бүгінде қазақстандықтарды дүр сілкіндірген оқиға расталды.

Нәтижесінде, баланы зорлауға қатысқан төрт күдіктінің тек біреуі ғана жауапқа тартылатын болды. Ол қылмыс жасаған кезде ол 14 жаста болған. Енді жасөспірім 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

https://kaz.365info.kz/isti-zhauyp-tastajdy-zanger-okhushyny-zorlau-okhigasyna-khatysty-ashhy-shyndykhty-ajtty-306361

Ал, жәбірленушінің қамқоршылары хабарлағандай, зорлық көрген бала қазір Алматыда анасының жанында.

Естеріңізде болса,

кінәлілерді жауапқа тартуда қатал шаралар қолдануға тек Сағадиев қана уәде берген жоқ. Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі биылғы жылдың наурызында мұндай сұмдыққа жол бергендердің бәрін жұмыстан қууға уәде берген болатын.

Алайда, баланы зорлады деген күдіктілер оқыған мектептің директоры ғана қызметінен босатылды. Ал полиция, білім беру бөлімі, әлеуметтік қызмет өкілдері әлі жауапқа тартылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-ның Бас прокуратурасы Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорланғанын ресми растаған болатын.

https://kaz.365info.kz/sheshesi-menin-khasymda-zorlandy-degen-balanyn-advokaty-attandap-zhatyr-306934

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз