Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Зорладым, сосын өлтірдім”. 17 жастағы балдызын өлтірген еркектің сөзі (видео)

689

Әйгерім балалармен келгенде ер адамның әдеттегідей «басы ауырып» тұрған: балаларды аулаға ойнауға жіберіп, Әйгерімді дүкенге араққа жұмсайды. Әйгерім еш қауіптенбеген. Арағын әперіп, үйдің ішін жинастырып та қойыпты.

Тағы ішіп алдым. Сосын қызға тиісе бастадым. Оны зорлап, сосын бірден қылқындырып өлтірдім. Шамамен түс кезі болатын. Қыздың тек төменгі жағын шешіндірдім. Жоғары жағына тиіскен жоқпын. Өлтіргеннен кейін оны киіндіріп, төсектің астына тықтым. Сол кезде үйге балалар кірді. Олар су ішті, мен оларға нан үзіп бердім де қайтадан далаға шығарып жібердім. Тағы ішіп алдым. Балконда палас жатқан, соны шығарып, қыздың денесін орап тастадым. Екі жағынан скотч тартып тастадым да, диванның астына қойып қойдым“, – дейді ұсталған күдікті.

Не бүлдіргенін түсінген кезде жауапкершіліктен қорқып, қашуға бекінген. Балаларды үйге шақырып, ұйықтатып тастаған. Сосын үйдегі бар ақшаны алып, қашып кеткен.

Ал Әйгерімді таппай қалған туыстары полицияға хабар береді. Полицейлер диван астынан кәмелетке толмаған Әйгерім Қожахметованың мәйітін тауып, сәуірдің 1-і күні ШҚО-ның Жарма ауданында бой тасалап жүрген күдіктіні құрықтады. Сол күні-ақ күдікті Алматы облысы Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Үйде ешкімнің жоғын пайдаланған ол масаң күйде Әйгерімді күштеп зорлаған. Ал Әйгерім болған жағдайды әке-шешесіне айтамын дегенде, оны өлтіруді ұйғарған“, – дейді Қарасай аудандық Ішкі істер басқармасының тергеушісі Әлихан Құлбаев.

Дәурен мас болса да, жасаған қылмысы бүге-шүгесіне дейін есінде екен. Пәтерден қашып шықпас бұрын Әйгерімнің туыстары келіп тұрмасын деген күдікпен подъездің сыртқы есігіне құлағын түріп, тың тыңдапты. Бұл сәттер подъездегі камераға түсіп қалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз