«Манчестер Юнайтед» клубының форварды Златан Ибрагимович емделу үшін АҚШ-қа аттанады, деп хабарлайды 24.kz.
Италияндық журналист Джанлуука Ди Марционың айтуынша, Ибрагимовичке операция 26 сәуірде Питтсбургте жасалады. Ол міндет дәрігер Фредди Фуге жүктеледі.
Футболшының өзі жарақатынан тезірек айығып, спорттық мансабын жалғастырмақ ниетте.
Ибрагимович Еуропа лигасы асында «Андерлехтпен» (2:1) өткен ойында жарақат алған болатын, деп жазады RT.