Singer жобасы аяқталғалы бері қазақстандықтардың көкейінде бір сұрақ тұр. Димаш енді Қытайда қала ма әлде Қазақстанға орала ма? Бұл сауалға әркім әртүрлі жауап беруде. Ал өнердегі әріптестері Димаштың шетелде қалуын тілеп отыр.
Нақтырақ айтсақ, отандық продюсер Алуа Қонарова Димашқа Қытайда қалуға кеңес берді. Енді оның бұл пікірін әнші Жеңіс Ысқақова да қоштап отыр.
Бұл ретте Димаштың өнердегі ағалары не дер екен?
«Жақсы нәрсенің бәрі тек шет елде екен деп ойлай беру — қателік. Сен өз мүмкіндігіңді, өзіңнің еліңнің ішіндегі бар мүмкіндігіңді меңгеріп алу керек», – дейді Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов.
Ал КСРО Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев Димаштың елде қалатынына күмән келтірмейді.
«Ол бүкіл шет елге, шақырған жерлерге барып, қазақтың өнерін көрсетіп тұрса, онда тұрған не бар. Бірақ Қазақстанның баласы, өзінің туған жерінде болатынына менің ешқандай күмәнім жоқ», – дейді ол.
Дереккөз: Stan.kz