Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жыныстық жолмен ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың 24 проценті – гомосексуалистер

134
Бұл туралы Астана қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Абдраимов айтты.

«Биыл анықталған 150 адамның 79,4 пайызы ВИЧ инфекциясын жыныстық жолмен жұқтырған болса, оның 12,4 пайызы гомосексуализм арқылы жұқтырған.

Астанада 4 жабық гей клуб бар, оның біреуі биыл жабылды. Біз сол клубтарға барып, оған барушылардан қан алып, тексеріп тұрамыз», – дейді бас дәрігер.

Астанаға әр өңірден жыныстық қатынас арқылы ақша табуға келетін адамдар бар екені жасырын емес.

«Әсіресе, көктем, жаз, күз мезгілінде осындай мақсатпен келетіндер көп. Сенбі, жексенбі және мерекелік күндері Қарағанды, Көкшетау, Павлодар жақтан жыныстық қатынас арқылы ақша табатындар келеді.

Біз үкіметтік емес ұйымдармен, еріктілермен, Ішкі істер департаментімен бірігіп, осындай қызмет түрі көрсетілетін жаңа сауналар мен пәтерлерді анықтадық. Астана қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы еріктілер арқылы мүшеқап, шприц және ВИЧ инфекциясына қатысты ақпараттық материалдарды таратамыз.

Үкіметтік емес ұйымдар еріктілерді байқау негізінде қабылдайды және оларға жалақы төлейді. Былтыр бізге көмек көрсететін 38 ерікті болса, биыл қосымша 45 ерікті қосылады деп жоспарлануда», – дейді Сәбит Абдраимов.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз