Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Жұмысы ауыр ғой”. Облыс әкімі қанша жалақы алатынын айта салды

БҚО шенеуніктерінің ішінде ең көп айлық алатын қызметкер облыс әкімі Алтай Көлгінов екені белгілі болды. Оның бір айда алатын жалақысы 761 889 теңге.

Облыс әкімінің айтуынша, оның жары соңғы жылы ешқандай табыс таппаған. Себебі ол бала тәрбиесімен үйде отыр. Әкімнің бес орынбасары айына шамамен жарты миллион теңге алатын болып шықты.

Ал, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, оның ай сайын алатын жалақысы 484 317 теңге. Өзінің жұбайының табысын әкім айтпай қойды.

Айта кетелік, жұмысы ең ауыр мамандық иелері – кенші, мұғалім, дәрігерлердің жалақысы бізде 100 мың теңгенің ар жақ-бер жағының айналысында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз