Синоптиктер 5 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, бірақ аяз болады.
Тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.