Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жылжымайтын мүлік нарығы триллион табыс тапты. Ақша қайдан келді?

355

Energyprom.kz. деректері бойынша 2020 жылдың тоғыз айында жылжымайтын мүлікпен операциялар саласындағы қызметтер көлемі бір жарым есе өсті. Осылайша, 1 трлн теңгеден асты. Бұл соманың жартысынан көбі жалға алуға және меншікті басқаруға тиесілі.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ахуал маңызды

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші талдаушысы Рамазан Досов бұл өсімнің себебін түсіндірді:

“Бұл Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында жаңа сауда алаңдарын, элиталық қонақ үй желілерін пайдалануға беруге, сондай-ақ қолданыстағы тарифтердің өсуіне байланысты”, – деп атап өтті сарапшы. Сонымен бірге елдегі осы екі ірі қала жылжымайтын мүлік операциялар саласында көрсетілетін қызметтер көлемінің барлық өсімін құрайды.

Орта мерзімді перспективада мұндай өсу мүмкін емес.

Сауда алаңдары мен қонақ үйлер неліктен маңызды? Себебі құрылыстың қалған сегменттері күрт баяулады. Сарапшы оның ішінде тұрғын үйді бөліп айтты:

– Тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерін салу және пайдалануға беру қарқыны қатты төмендеді. Мұны пандемиямен күресу шараларымен байланыстыруға болады. Өйткені карантин кезінде құрылыс тоқтап қалды”, — деді сарапшы.

Риэлторлар үшін сәтсіз жыл

Сарапшының айтуынша, пандемиядан барлық нарық сегменттері зардап шеккен.

– Пандемия сауда базарларын қолданысқа және жалға беруге кері әсерін тигізді (-28,4%). Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және жалға беру кезінде делдалдық қызметтер тиісінше -28,1%-ға және -78,4%-ға төмендеді. Басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу- сату -68,2%-ға, -28,1%-ға және -78,4%-ға-меншікті жалға алу және басқару қызметтері төмендеді.

Осы орайда делдалдық қызметтер риэлторлар нарығы екенін айтып өткен жөн. Сандардан көрініп тұрғандай, биылғы жылы нарық өте қатты зардап шекті.

Ерекшеліктер

Досовтың айтуынша, ерекше жағдайлар да бар.

“Қатаң карантиндік шектеулерге қарамастан көп пәтерлі және тұрғын үйлерді сатып алу-сату өсті.

Тиісінше, вакцинациялау сәтті нәтиже берсе құлдырау байқалған сегменттерде сенімді өсу қарқынын көре аламыз.

Соның ішінде базаның төмен болуы себебінен де», – дейді сарапшы.

Бағалар тоқтамайды

2021-да жылжымайтын мүлік қымбаттай ма деген сұраққа сарапшы оң жауап берді.

“Біз тұрғын үй бағасының өсуі 2021 жылы да жалғасады деп күтеміз. Өйткені нарыққа зейнетақы жинақтарының бір бөлігі келеді”, – деп есептейтінін айтты.

Ештеңе кедергі емес

«Экономиканың өсу қарқыны мен халықтың нақты табысының төмендеуі жылжымайтын мүлік бағасының өсуін тоқтатпайды», деп ойын дамыта түсті Досов.

«2020 жылдың басынан бері жаңа тұрғын үй 4,4%-ға, қайталама нарықтағы тұрғын үй 11,2%-ға өсті.

Мұның себебі халықтың қанағаттандырылмаған сұранысы және оны жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы ынталандыру болды.

Басқа себептер — саланың импортқа тәуелділігі және табысы жоғары азаматтар үшін инвестициялық құралдардың кең жиынтығының болмауы. Сондай-ақ халықтың көбінің инвестициялық мәдениеті жеткілікті дамымауы да әсер етеді”, – деп түйіндеді ҚҚҚ сарапшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз